Эквадорда маймыл шешегінің алғашқы жағдайы анықталды
Эквадордың оңтүстік-батыс жағалауындағы Гуаяс провинциясында маймыл шешегінің алғашқы жағдайы тіркелді.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, ауру анықталған азамат 30-дағы жас жігіт.
Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты және ол оқшауланған. Бұдан бөлек онымен араласқан адамдар да оқшауланған.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус бүгінге дейін 58 елде маймыл шешегімен 6 мыңнан астам жағдай анықталғанын мәлімдеген.