Эквадорда матч кезінде футбол допын сүйген ойыншыға айыппұл салынды
«Сосьедад Депортиво Аукас» командасының жартылай қорғаушысы Серхио Лопес матч кезінде футбол допын сүйгені үшін 1200 доллар айыппұл төлейтін болды
Эквадордың «Сосьедад Депортиво Аукас» командасының жартылай қорғаушысы Серхио Лопес матч кезінде футбол допын сүйгені үшін 1200 доллар айыппұл төлейтін болды.
«Sports.yahoo» басылымындағы мәліметке сай аргентиналық 31 жасты футболшы жоғары лига ойындарына енгізілген коронавирусқа байланысты гигиеналық тәртіпті бұзған. Лиганың тәртіп комитеті Серхио Лопесті ойын кезінде футбол допын сүйгені үшін 1200 доллар көлемінде айыппұл жазасына тартылғанын айтқан.
Эквадордағы футбол чемпионат ойындары коронавирустық пандемияның әсерінен бес айлық үзілістен кейін қайта басталып, Лиганың тәртіп комитеті коронавирусқа байланысты жаңа ережелер тағайындаған болатын. Осы тәртіпке сай ойын соңында жейдесін ауыстырған футболшыларғада айыппұл салынған.