English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Эквадорда бір аптада екінші саясаткер сайлау алдында өлтірілді
15:04 / 2023-08-15

Эквадорда елінде бір апта ішінде презиенттік сайлау алдынан екінші саясаткер өлтірілді.

Deutsche Welle мәліметінше, Эквадордың Эсмеральдас провинциясындағы «Азаматтық революция» солшыл саяси қозғалысының жетекшісі Педро Брионесті үйінің жанында белгісіз біреулер атып өлтірген.

«Азаматтық революция» партиясынан президенттікке үміткер Луис Гонсалес марқұмның туыстарына көңіл айтты. «Эквадор өзінің ең қанды кезеңін бастан өткеруде. Бұл бейқам үкімет пен мафияның қолына алған мемлекеттің жалпы әрекетсіздігінен болып жатыр. Осы зорлық-зомбылықтан қаза тапқан Педро Брионестің отбасына көңіл айтамын», - деп жазды ол «X» әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter).

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын елдегі тағы бір саясаткер – «Саф» қозғалысының президенттікке үміткері Фернандо Вилявисенсо өлтірілген еді. El Universo газетінің жазбасына орай, Китодағы сайлауалды жиналысынан кейін оның басына үш рет оқ атылған.

20 тамызда Эквадорда кезектен тыс президенттік және парламенттік сайлау өтеді.