Petroecuador егер жергілікті халық наразылықтары өндіріске кедергі келтіре берсе, мұнай экспортын мәжбүрлеп тоқтату мүмкіндігі туралы ескертті.
Мемлекеттік мұнай компаниясының бас директоры Итало Седено: Егер біздің Лаго-Агрио, Балао, Амазонас, Пунта-Гордадағы қоймада мұнай қалмайтын болса, экспортты тоқтатуға тура келетіні анық, - деген ол баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша Petroecuador әзірге экспортты тоқтатқан жоқ. Өйткені ішкі нарық жанармаймен қамтамасыз етілген. Қазірге қолдағы бар қоолар кем дегенде төрт-бес күнге жетеді.
Bloomberg-тің хабарлауынша, компания келісімшарттарды орындай алмаған жағдайда өзін қорғау үшін форс-мажорлық жағдайды алдын ала жариялап қойған.
Компания басшысының айтуынша, наразылық басылмаса, айдың соңына қарай мұнай өндіру екі еседен астамға – тәулігіне 130 мың баррельге дейін төмендеуі мүмкін. Бүгінгі күні өндіріс шамамен 29 мың баррельге төмендеген.