Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Экономика бойынша Нобель сыйлығы Канада мен АҚШ ғалымдарына берілді
17:27 / 2021-10-11

Экономика саласындағы 2021 жылға арналған ең жоғары халықаралық ғылыми награда - Нобель сыйлығы, канадалық ғалым Дэвид Кард пен америкалық Джошуа Ангрист пен Гвидо Имбенске берілді.

Швеция корольдік ғылым академиясының Стокгольмдегі Нобель комитетінің хабарлауынша, Марапат Дэвид Кардқа «Еңбек экономикасына эмпирикалық үлес» үшін, ал Ангрист пен Имбенске «себеп-салдарлық қатынастарды талдаудағы әдістемелік үлесі» үшін берілген. 

Еске салар болсақ, 2020 жылғы экономика саласы бойынша Нобель сыйлығы аукцион теориясын жетілдірген және аукционның жаңа форматтарын ойлап тапқан американдық Пол Милгром мен Роберт Уилсонға нәсіп еткен болатын.