Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Экологиялық партиядан кандидат Сұрхандария сайлаушыларымен кездесті
20:24 / 2023-06-16

Өзбекстан Экологиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидат Абдушукур Хамзаев Сұрхандария сайлаушыларымен кездесті.

Партия белсенділері мен жергілікті кеңестердегі депутаттары, ғалымдар, білім және медицина саласының өкілдері, жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысқан жиында кандидаттың өкілі қатысушыларды А. Хамзаевтың өмірбаянымен таныстырды. 

Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидат Абдушукур Хамзаев өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы толық мәлімет берді.

Бағдарламадағы мақсатты жоспарлар елдің басқа аймақтары сияқты Сұрхандарияда да экологиялық мәселелерді шешуге және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тікелей байланысты және облыс тұрғындарының экологиялық құқықтарын қамтамасыз етудің маңызды факторы болмақ.

Үміткер сайлауалды бағдарламасында елде экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды тиімді және ұтымды пайдалану, «жасыл» экономикаға көшуді жеделдету арқылы халық пен болашақ ұрпақ үшін лайықты өмір сүру жағдайын жасап, бақуатты қоғам құру басты мақсат екенін атап өтті. 

Атап айтқанда, мемлекеттік экологиялық саясаттың басым бағыттарын айқындауға бағытталған «Тұрақты экологиялық даму стратегиясы» әзірленетін болады. Экология саласындағы шашыраңқы заңнамалық құжаттарды кодификациялау арқылы табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың тәртібі мен талаптары бір салалық кодекстерге, оның ішінде Экологиялық кодексі, Су кодексі, Орман кодексінде күшейтілетін болады. 

Жасыл аумақтар, тау беткейлері, өзен-көл жағаларында кез келген құрылыстар экологиялық сараптамадан және қоғамдық бақылаудан өткеннен кейін жүзеге асырылуы қамтамасыз етіледі. Қауіпті қалдықтарды, медициналық-биологиялық, құрылыс қалдықтарын басқару мен өңдеуді реттейтін Қалдық туралы заң жаңартылып қабылданады.

Биологиялық әртүрлілік пен экожүйені сақтау және оларды ұтымды пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың аумағын кеңейту, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының «Қызыл кітабына» енгізілген өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін қорғауды күшейту мақсатында тиісті құқықтық құжаттары жетілдірілетін болады.

Халмумин Маматрайимов