2023 жыл 30 мамырда Ташкент қаласында Өзбекстан Экология партиясының кезектен тыс съезі өтті.
Съезде 2023 жыл 9 шілдедегі кезектен тыс өтетін президенттік сайлауда Өзбекстанның Экология партиясынан Өзбекстан президенттігіне кандидат ұсыну және үміткердің сайлауалды бағдарламасы және басқа да мәселелер қаралды.
Съезде делегаттардың назарына Экологиялық партия атынан Өзбекстан президенті лауазымына үміткер ретінде партия Орталық кеңесі атқару комитетінің төрағасы Абдушүкүр Хамзаев ұсынылды.
Кандидаттың сайлауалды бағдарламасында ел экономикасын реформалауға бағытталған бірқатар бастамалар алға тартылған болып, олардың қатарында пестицидтерді қолданудан бас тартуға бағытталған «Жасыл Өзбекстан – 2030» бағдарламасын әзірлеу, «Жасыл виза» бағдарламасын енгізу, салалар мен аймақтардың «жасыл экономикаға көшу индексін» дамыту, жүк тасымалдауды ірі көліктерден темір жолға ауыстыруға бағытталған шаралар бар.
Әлеуметтік салада мемлекеттік стоматологиялық емханаларды дамыту, қалалардың бас жоспарларын дайындауда 30 пайыздан кем емес жасыл аумақтарды құру талабын күшейту, қала құрылысы қызметінде қоғамдық бақылауды күшейту, нормативтік құжаттарды қабылдауда қоршаған ортаға әсерді бағалау жүйесін енгізу, бір реттік пластик және полиэтилен ыдыстарын пайдалануды кезең-кезеңмен тоқтату, елге электронды темекілерді әкелуге тыйым салу, 2030 жылдан бастап республикада іштен жанатын қозғалтқышы бар жеңіл автокөліктерді сатуға тыйым салу және әкелуге тыйым салу сияқты бастамалар ұсынылды.
Съезде делегаттар Өзбекстан президенттігіне ұсынған Абдушукур Хамзаев пен оның сайлауалды бағдарламасы бірауыздан мақұлданып, тиісті шешімдер қабылданды.