Бүгін, 11 мамырда Өзбекстан Экологиялық партиясы Орталық кеңесінің кезектен тыс пленумы болып өтті. Жиында президенттікке кандидат мәселесі талқыланды.
Пленумда партияның орталық кеңесі атқару комитетінің төрағасы Абдушукур Хамзаевты Өзбекстан президенттігіне кандидат ретінде ұсыну туралы шешім қабылданды.

Абдушүкүр Хамзаев 1973 жылы Сұрхандария облысының Ұзын ауданында дүниеге келген. 1995 жылы Самарқанд ауылшаруашылық институтын, 2013 жылы Мемлекеттік басқару академиясын агроном мамандығы бойынша бітірген. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор. Отбасылы, үш баласы бар.
Еңбек жолын Ұзын ауданындағы «Намуна» қоғамдық қожалықта агроном ретінде бастаған. 1996-1999 жылдары Самарқанд ауыл шаруашылығы институтының аспирантурасын тәмәмдаған.
1999-2017 жылдары Самарқанд ауылшаруашылық институтында ассистент, аға оқытушы, деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, рухани-тәрбие ісі жөніндегі проректоры қызметтерін атқарған.
2017-2022 жылдары Орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметін атқарды.
2022 жылдан бастап Өзбекстан Экологиялық партиясы Орталық кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарып келеді.
Бүгінгі күнге дейін А.Хамзаевтың 280-нен астам ғылыми еңбектері жарық көрді. Сондай-ақ ол ауыл шаруашылығы дақылдарының 20-ға жуық сортының және 16 өнертабыстың авторы.