Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистер ұрлаған картина Аргентинадан табылды
11:02 / 2025-09-05

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия нацистері ұрлап кеткен және жоғалған деп саналған рококо дәуіріне жататын картина Аргентинада табылды.

Италиялық суретші Витторе Гисландидің «Ханымның портреті» атты туындысы кейінгі 80 жыл бойы жоғалған деп есептеліп келген. Картина нидерландиялық журналистер мен амстердамдық еврей арт-дилері Жак Гудстиккердің мұрагерлері тарапынан іздестіріліп келген. Бұл шығарма соғысқа дейін оған тиесілі болған.

Биыл тамыз айының соңында Нидерландтың Algemeen Dagblad басылымының журналистері Мар-дель-Плата (Аргентина) қаласында тұратын Патрисия Кадгиннің үйінен алынған фотосуреттер арасынан «Ханымның портретін» анықтады. Патрисия — Аргентинаға қашып барған бұрынғы эсэсшi Генрих Терингтің көмекшісі Фридрих Кадгиннің қызы. Фридрих Кадгин 1979 жылы қайтыс болып, үйін қызына мұраға қалдырған.

3 қыркүйекте Аргентина прокуратурасы «Ханымның портреті» тәркіленгенін хабарлады. Патрисия Кадгин мен оның күйеуі картинаны өкілдері арқылы прокуратураға тапсырған. Сонымен қатар, олардың өздері 72 сағатқа үй қамаққа алынған және картинаны іздеу тергеуіне кедергі келтіргені үшін жауапқа тартылуда.