Өзбекстанда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің зейнетақы мөлшері көбейтілетін болды.
Президент Шавкат Мирзияев «Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың материалдық қауіпсіздігін одан әрі нығайту шаралары туралы» жарлыққа қол қойды.
Құжат Өзбекстандағы қарттарды мемлекеттік қолдау мен әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға, Отан абыройын асқақтату және жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге белсенді атсалысып жүрген ардагерлерді құрметтеу және фашизмді жеңуде лайықты үлес қосқан ардагерлердің материалдық әл-ауқатын одан әрі нығайту мақсатында қабылданған.
Осыған байланысты 2021 жылдың 10 мамырынан бастап 1941-1945 жылдардағы соғыс мүгедектері мен қатысушыларына, сондай-ақ фашистік концлагерьлердің бұрынғы тұтқындары мен Ленинград қаласы қоршауда болған кезінде жұмыс жасағандарға ең төменгі зейнетақы мөлшері 2,5 млн сум боп белгіленді.
Осы Жарлықты орындауға байланысты болған барлық қаражат Қаржы министрлігі жанындағы бюджеттен тыс Зейнетақы қоры мен республикалық бюджеттің есебінен жабылады.
Қаржы министрлігі тиісті министрліктер және ведомстволармен бірлесіп екі ай ішінде заңнамалық актілерге осы жарлықтан туындайтын өзгерістер мен толықтырулар туралы ұсыныс енгізетін болып, Жарлықтың орындалуын бақылау Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі А.Н. Ариповке жүктетілген.