Екі айда Өзбекстанға 130 милион доллардан астам автокөлік импорт жасалған
Жыл басынан бері үш айда нақты салалар үшін 496,8 млн долларлық арнайы көліктер импортталған
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше Өзбекстан қаңтар мен наурыз айларында 130,4 миллион долларлық автокөлік импорт жасаған.
Көрсетілген статистикаға сай қаңтар-наурыз айлары аралығындағы Өзбекстанға келген 130,4 миллион долларлық автокөлік көлемі, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда біршама азайған.
Сондай-ақ жыл басынан бері үш айда нақты салалар үшін 496,8 млн долларлық арнайы көліктер импортталған. Ал қосалқы бөлшектер үшін 239,9 млн доллар ақша жұмсалып, өндіріс үшін арналған көлік деталдарына 299,3 млн доллар кеткен.