Екі жылдық үзілістен кейін «Air Manas» Ташкентке рейстерді қайта жолға қойды
Қырғызстанның «Air Manas» әуе компаниясы екі жылдық үзілістен кейін, 4 наурызда Бішкек-Ташкент-Бішкек бағытындағы алғашқы рейсін орындады.
Uzbekistan Airports хабарлауынша, 4 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10:05-те 144 жолаушысы бар «Air Manas» ұшағы Ташкент әуежайына қонды.
Жоспарға сай наурыз айында рейстер чартерлік негізде дүйсенбі және жұма күндері орындалады. Жазғы кестеге көшуге байланысты «Air Manas» Бішкек - Ташкент - Бішкек бағыты бойынша тұрақты рейстерді ашуға үміт білдірген.