Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Египет COVID вакцинасын алған азаматтарды ПТР анықтамасынсыз елге кіруіне рұқсат етті
09:41 / 2021-06-24

COVID-19 коронавирусына қарсы толық вакцинацияланған шетелдіктер Египет шекарасында вакцинация туралы куәлік ұсынған жағдайда ПТР сынақтарынсыз кіре алады.

Al Ahram басылымының хабарында, Мысыр елі қабылдаған бұл талап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) және Египеттің дәрі-дәрмек басқармасы мақұлдаған вакциналарды қабылдаған кіслерге тән.

Ондағы талап бойынша, шетелдіктер екі компонентті (Sputnik V, Pfizer, AstraZeneca, Moderna , Синофарм, Синовак) вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін 14 күн өткен соң елге кіруге рұқсат етіледі. Бұл вакциналар қатарында Johnson& Johnson бір компонентті вакцинасын алған азаматтарда кіреалады. 

Шетелдіктер ұсынатын вакцина куәлігінде QR коды және ресми органның мөрі болуы керек, түзетулер мен толықтырулар енгізілгендері қабылданбайды..

Сонымен қатар, жаңа тәртіпке сай бұл «коронавирустың мутациялы штамдары анықталмаған» елдерге қатысты екендігі туралы айтылған. Егер мутация тіркелген елдердің бірінен жолаушы келсе (бұған Үндістан, Бангладеш, Пәкістан, Бутан, Мьянма, Непал, Вьетнам, Шри-Ланка, Бразилия және кейбір басқа Латын Америкасы елдері) тіпті вакцинация туралы куәлікті кқрсеткен жағдайдың өзінде, ол әуежайда коронавирусқа арналған молекулярлы экспресс-тест тапсыруы керек.

Егер тест нәтижесі оң нәтиже көрсетсе, онда шетелдік азамат тағы да ПТР тест тапсыруға міндетті. Сол жағдай да да анализ оң нәтиже берсе, онда протокол күшіне еніп, оған сәйкес жұқтырған адам ковидтік ауруханаға жатқызылады.

Мысыр елінің Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, пандемия басталғаннан бері елде 278 мыңнан астам ауру анықталып, 206 мыңнан астамы сауығып шықты және 15,9 мың адам қайтыс болған.