Эфиопияда жанартау атқылады
Эфиопияда бірнеше ғасыр бойы «ұйқыда жатқан» «Хайли-Губби» жанартауы қайта оянып, атмосфераға мол мөлшерде күл шашты.
BBC хабарлауынша, жанартау атқылауынан пайда болған күл бұлты Қызыл теңіз арқылы Оман мен Йемен аумағынан асып, тіпті Үндістан астанасы Дели аспанына дейін жеткен. Соның салдарынан Үндістанның Air India компаниясы 11 рейсті тоқтатуға мәжбүр болды.

Сондай-ақ IndiGo, Akasa Air және KLM әуе компаниялары да өз рейстерінде кідірістер болғанын хабарлаған.

Экологтардың пікірінше, мұндай жанартау күлі өте сирек кездеседі және оның нақты зияндылық деңгейі әлі белгісіз. Соған қарамастан, Дели қаласындағы ауа сапасына елеулі теріс әсер етпейтіні мәлім болған.