Эфиопияда ел шекарасын бұзған ұшақ атып түсірілді
Эфиопия әскери әуе күштері елдің әуе кеңістігін бұзған ұшақты атып түсірді.
Fana радиокорпорациясының хабарлауынша, ұшақта елдің солтүстігінде орналасқан «Тиграй халық азаттық майданының» көтерілісшілеріне арналған қару-жарақ болған.
«Тиграй халықты азат ету майданына қару тиеген ұшақ Судан жерінен Эфиопияның әуе кеңістігін бұзып, Тиграйдағы Хемер қаласының солтүстігінде атып түсірілді», - делінген хабарламада.
Эфиопияда билік пен көтерілісшілер арасындағы қақтығыс 2020 жылдан бері жалғасып келеді.
Маусым айында Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмед Әли Тиграй халық азаттық майданымен келіссөздер жүргізу үшін комитеттің құрылғанын хабарлаған болатын.