Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ЕЭО мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды
11:55 / 2021-03-16

Өзбекстан Республикасы Үкіметі делегациясының Ресей Федерациясына сапары алдынан Премьер-Министрдің орынбасары - Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умурзаков Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) төрағасы Михаил Мясниковичпен және сауда жөнінде ЕЭК Басқарма мүшесі Андрей Слепнев кездесті.

Кездесу барысында тараптар ЕЭО бақылаушы мемлекеті - Өзбекстан мен Одақ арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқыланып, Одақтың халықаралық беделі артып, географиясы кеңейіп келе жатқандығы айтылды. Экономикалық серіктестіктің дамуындағы оң өзгеріс байқалғаны, атап айтқанда, соңғы төрт жылда Өзбекстан мен ЕЭО елдері арасындағы тауар айналымы 75% өсткен.

Инвестициялық ынтымақтастық пен өндірістік кооперацияны кеңейту, тосқауылсыз өзара сауда үшін жағдай жасау және аймақтың транзиттік әлеуетінің тиімділігін арттыру бойынша бірлескен бағдарламалар кешенін жүзеге асыруға келісілді.

Логистика мен кедендік процесті оңайлату, бар кедергілерді жою, техникалық регламенттер мен стандарттарды үйлестіру, тарифтік және нотариалдық реттеу саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ еңбек көші-қонын жеңілдету және құқықты қорғау бойынша шаралар қабылдау оны жүзеге асыру бойынша алдағы жұмыстар анықталды.

Кездесу соңында барлық туындаған мәселелерді жедел шешу мақсатында ЕЭК-пен сарапшылар деңгейінде үздіксіз байланыс механизмін енгізу туралы келісім жасалды. Бұл Өзбекстан мен ЕЭО арасындағы тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.