Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ЕЧЛ: «Лион» күтпеген жағдайда «Манчестер Сити» клубын жеңіп жартылай финалға шықты
02:48 / 2020-08-16

Еуропа Чемпиондар лигасының жартылай финал ойындарына шыққан барлық команданың аты мәлім болды


Еуропа Чемпиондар лигасының соңғы финалистін анықтаушы ширек финалдың соңғы кездесуі «Манчестер Сити» мен «Лион» клубы арасында өтіп, онда француздық команда жартылай финалға жол алды.

1/8 финал кезесуінде туриннің «Ювентус» клубын жарыс жолынан тайдырған «Лионның» жартылай финалда Гвардиола шәкірттерінен жеңілуін көпшілік болжам жасап еді. Алайда француздық клуб бұл болжамды өз пайдасына жүзеге асырып келесі кезеңге жол тартты.

Кездесуде Корне және Муса Дембеленің (дубльі) соққан голдары «Лионды» келесі кезеңге шығарды. Ал ағылшындық команданың жалғыз жауап голын Де Брюйне соқты, қорытынды есеп 3:1.

Осылайша жартылай финал ойындарына шыққан барлық командалар мәлім болды. 18 тамызда «ПСЖ» «Лейпциг» кездесуі өтсе, 19 күні «Лион» «Баварияға» қарсы алаңға шығады.