Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ЕЧЛ: «Бавария» «Лион» клубын ірі есепте жеңіп финалға шықты
02:27 / 2020-08-20

Лиссабонда өтетін финал кездесуінде «Бавария» Францияның басқа бір командасы «ПСЖ» клубына қарсы алаңға шықпақ


Еуропа Чемпиондар лигасының екінші финалистіде анықталды. Лиссабондағы бір ойындық кездесудің жартылай финалында «Бавария» «Лион» клубын ірі есепте жеңіп финалға жол алды.

1/8 финал кезесуінде туриннің «Ювентус» клубын, кейін ширек финал ойынында «Манчестер Сити» командасын жарыс жолынан тайдырған «Лионның» жартылай финал кездесуінде «Баварияға» қарсы матч оңай соқпасы анық еді. Дегенмен төрешінің ойынға старт берген кезінен бастап Мануэль Нойер қақпасының алдынада француздық клуб футболшылары қауіпті шабуылдар ұйымдастырғаны финалға шығардай әсер қалдырды.

Бірақ бұл көрініс 18 және 33 минуттарда Серж Гнабри соққан голдан кейін мүлдем басқаша түс алды. Екінші таймда толықтай үстемдік Мюнхендік клубтың иелігінде өтіп 88 минутта Левандовский үшінші голды соғып ойынға нүкте қойды. Қорытынды есеп 3:0.

Осылайша «Бавария» Еуропа Чемпиондар лигасының финалдық кездесуіне 11 рет шықты. 10 финалдық кездесудің 5 жеңіске жеткен болса, 5 ойында қарсылас командаға жол берген.

23 тамыз күні Лиссабонда өтетін финал кездесуінде «Бавария» Францияның басқа бір командасы «ПСЖ» клубына қарсы алаңға шықпақ.