ЕЧЛ: «Бавария» «Барселонаға» 8 гол соғып жартылай финалға шықты
Футбол тарихында "Барселона" екінші рет өз қақпасына 8 гол жіберіп алды
Еуропа Чемпиондар лигасының финалдан алдыңғы финал кездесуіне теңелген «Бавария» мен «Барселона» кездесуінде неміс клубы 8:2 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші және екінші бөлім толықтай «Бавария» үстемдігінде өтіп, кездесудің 4 минутында Томас Мюллер есепті ашты. Ал 7 минутқа келіп Давид Алаба байқаусызда өз қақпасына гол соғып есепті теңестірді. Ойынның 31 минутына дейін мюнхендіктер каталондық клуб қақпасына тағыда екі гол соғып таблодағы көріністі 4:1-ге жеткізді.
Екінші бөлімнің 57 минутында Суарес «Барселонаға» екінші голды сыйлап, арадағы есепті қысқартты. Дегенмен осы голдың өтеуі каталондық клубқа ауырға соқты. Өйткені ойынның аяқталуына дейінгі қалған уақытта «Бавария» тағыда 4 гол соқты. Йозуа Киммих, Левандовский бір голдан соқса, Коутиньо дубль жасады, қорытынды есеп 8:2.
Осылайша «Барселона» Чемпиондар лигасындағы кездесулерін аяқтады. Футбол тарихында екінші рет «Барселона» ірі есепте жеңілді. Ең алғашқысы 1946 жыл Испания кубогында «Севилия» клубынан жауапсыз 8 гол жіберіп алған.