Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Дзюдо: Өзбекстандық спортшы қыз Азия чемпионы атанды
12:29 / 2022-08-05

Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Диёра Келдиёрова жеңімпаз атанды.

-52 келі салмақта күш сынасқан Диёра Келдиёрова барлық қарсыласын, әсіресе қазіргі әлем чемпионы жапониялық Аи Шишимені 1 минут ішінде жеңіп, екінші рет Азия чемпионы атанды.

Өзбекстан Олимпиада комитетінің хабарлауынша, -66 келі салмақта Мухриддин Тиловов және -57 келіде боз кілемге шыққан Нилуфар Ермагамбетова қола жүлдегер атанған.

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан құрлық чемпионаты аясында қазірше Өзбекстан құрамасының қоржынында 1 алтын, екі қола медаль бар.