Дзюдо: Өзбекстандық спортшы «ПСЖ» сапында Чемпиондар лигасына қатысады
Дзюдодан Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері Давлат Бобонов француздық «ПСЖ» клубымен келісімшартқа отырды.
Чехияда өткен Еуропа лигасы турнирінде Париж клубы жеңіске жетіп Чемпиондар лигасының жолдамасын жеңіп алды.
Осылайша 24 жастағы өзбекстандық спортшы алдағы кезде Париж клубымен бірге Чемпиондар лигасына қатысады.