Дзюдо: Жапондық жаттықтырушы Өзбекстан ұлттық құрамасын жаттықтырады
Жапондық жаттықтырушы Мики Танака дзюдодан Өзбекстан ұлттық құрамасында жұмыс бастады.
Өзбекстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мики Танака Өзбекстан әйелдер ұлттық құрамасында жаттықтырушының көмекшісі болып жұмыс бастады.
Айта кету керек, Мики Танака өз заманындағы ең мықты дзюдошылардың бірі болған. Еңбек жолында командалық бағытта әлем чемпионы, жекелей сында Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы, екі дүркін «Мастерс» турнирінің жеңімпазы, бірнеше мәрте «Гранд Slam» және Гран-при турнирлері жеңімпазы әрі жүлдегері.
2011 жылы Қытайда өткен жазғы Универсиадада командалық есепте алтын және жекелей сында күміс медаль алған.
Париж-2024 Олимпиада ойындарында және биылғы әлем чемпионатында жеңіске жету үшін тәжірибелі жапондық жаттықтырушы Мики Танака дзюдодан Өзбекстан әйелдер құрамасына шақыртылған.