Дзюдо: Давлат Бобонов қарсыласынан жеңіліп қалды
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында дзюдодан ерлер арасында өзбекстандық Давлат Бобонов жеңіліс тапты.
90 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Бобонов жарыстың 1/16 финалдық кезеңінде БАӘ өкілі Арам Григорянға есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады.

Сондай-ақ, жерлесіміз Гүлноза Матниязова 1/16 финалда жапониялық Саки Низоеден жеңіліп, Олимпиададағы жүрісін тоқтатты.