Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Джонсон сайлауда жеңіске жететін болса, үш түрдегі жұмыс визасын енгізуге уәде берді
13:55 / 2019-12-09

Бұл жүйеде кәсіптік білімі төмен болған мигранттарда елге кіруге виза алу мүмкіндігі пайда болады


Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 12 желтоқсандағы парламенттік сайлауда жеңіске жететін болса, жаңа түрдегі үш визалық жүйені енгізуге уәде берді.

ТАСС ақпарат көзінің хабарлауынша, атаулы визаларды ең бірінші «Ерекше қабілетті» ғылым, мәдениет және бизнес саласында жұмыс жасайтын кісілер алатын болады. Екінші түрдегі виза Ұлыбритания аумағында жұмысқа шақырту алған адамдарға беріліп, үшіншісі кәсіптік білімі төмен болған мигранттарға беруді көздеген.

Джонсонның айтуынша алғашқы және екінші түрдегі визаға ие азаматтар үшінші түрдегі виза иелеріне қарағанда жасауға рұқсат етілетін немесе азаматтық алуға деген мүмкіндіктері жоғары болып, мұндай жүйені енгізуден мақсат Ұлыбритания ЕуроОдақтан шыққаннан соң, шекараны бақылауға мүмкіндік жақсы болатынын айтқан.