Джонсон «Brexit» бойынша сауда келісімін жасаудың соңғы мерзімін айтты
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Еуропа Одағымен «Brexit» бойынша сауда келісімін 15 қазанға дейін жасау керек екендігін мәлімдеп, мұндай болмаған жағдайда келісім жасалмайды, деген
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Еуропа Одағымен «Brexit» бойынша сауда келісімін 15 қазанға дейін жасау керек екендігін мәлімдеп, мұндай болмаған жағдайда келісім жасалмайды, деген.
«Егер сол уақытқа дейін біз келісе алмасақ, онда біздің арамызда еркін сауда туралы келісім болады дегенге көзім жетпейді, дегенмен біз мұны қабылдап әрі қарай жолды жалғастыруымыз қажет», - деген Джонсон Лондон мен Брюссель арасындағы келіссөздердің соңғы кезеңі алдынан жасаған мәлімдемесінде.
Оның айтуынша, келісім орындалмаған жағдайда Британия Еуропалық Одақпен Австралия мен ЕО арасындағы сауда қарым-қатынасы бойынша байланыс жасайды және бұл «жақсы нәтиже» болады. Біз шекараларды ешқашан жаппаймыз, әрдайымғы серіктестердей сауда жалғасады. Бірақ екін сауда келісімінсіз, деген.
Ұлыбритания «Brexit» мәселесі бойынша 2020 жылдың 31 қаңтарынан 31 желтоқсанға дейінгі аралықта келісімнен шығуды қарастырған болып, осы кезең аясында Еуропалық Одақпен келіссөздер жүргізіп болашақ қатынастары туралы келісуі керек. Мұндағы басты мәселе - жаңа сауда келісімі.
Британия тарапы бұл кезеңді ұзартудан бас тартып ЕО-дан 2021 жылдың 1 қаңтарында шығуын нақтылаған, алайда Еуропалық Одақпен арада бірқатар келіспеушіліктер бар.