Джокович US Open турниріне қатыспайтын болды
Сербиялық Новак Джокович АҚШ-қа кірудің жаңа ережелеріне байланысты US Open турниріне қатыса алмайды.
Ұйым таратқан мәлімдемеде, АҚШ-қа келетін шетел азаматтары Құрама Штаттарға келмес бұрын екпе алу керек.
«АҚШ азаматтары емес адамдар Америка Құрама Штаттарына рейс алдында алынған COVID-19 вакцинасының негізгі партиясымен толық ем алғаны туралы құжжатты ұсынуы керек», - деп хабарлайды Sportskeeda.
Джокович Солтүстік Американың барлық турнирлеріне қатыса алмайды. АҚШ пен Канада үкіметтері коронавирусқа қарсы екпе алмаған адамдарға елге кіруге тыйым салуда.
Бұған дейін, сербиялық спортшы екпе алғысы келмейтінін бірнеше рет мәлімдеген болатын.