Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Джокович Римдегі турнирде жеңіске жетті
10:39 / 2020-09-22

Әлемнің бірінші ракеткасы, сербиялық теннисшісі Новак Джокович Римде өткен «Мастерс» сериясының беделді турнирінде жеңіске жетті


Әлемнің бірінші ракеткасы, сербиялық теннисшісі Новак Джокович Римде өткен «Мастерс» сериясының беделді турнирінде жеңіске жетті.

«Internazionali BNL d'Italia» турнирінің шешуші кезеңінде Джокович АTP рейтингінде 15-орында тұрған 28 жастағы аргентиналық Диего Шварцманға қарсы кортқа шығып, екі сет нәтижесіне орай 53 минутқа созылған кездесуде 7/5, 6/3 есептік көрсеткішпен бас жүлдеге ие болды.

Осылайша Италиядағы жеңісті жолының жалғасы ретінде Новак Джокович 1000 ретингтік ұпай және 205 200 еуро көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Еске сала кетсек, Джокович US Open АҚШ ашық чемпионатында әйел төрешіге теннис добымен соққы бергені үшін жарыстан шеттетіліп, айыппұлға тартылған еді.