Джокович мансабындағы 89-шы жүлдені жеңіп алды
Сербиялық теннисші Новак Джокович Израильдің Тель-Авив қаласында өткен турнирде чемпион атанып, мансабындағы 89-шы жүлдеге қол жеткізді.
ATP 250 турнирі финалында сербиялық теннис жұлдызы рейтингте 16-орында тұрған хорватиялық Марин Чиличті 1 сағат 35 минутқа созылған кездесуде 6/3, 6/4 есебімен ұтты.
Израильдегі турнир жеңісі Джоковичке 250 рейтингтік ұпай және 144 415 доллар жүлде әкелді. Бұл Джоковичтің маусымдағы үшінші жүлдесі және мансабындағы 89-шы жүлдесі болды. Бұған дейін «Уимблдон» және «Рим Мастерс» турнирлерінің бас жүлдесін жеңіп алған болатын.