АҚШ бұқаралық ақпарат құралдары Демократиялық партияның үміткері Джо Байденді АҚШ-тың жаңа президенті етіп жариялады және дауыстарды санау әлі де жалғасуда. Бұл маңызды оқиғаға орай шетелдік саясаткерлер мен мемлекет басшылары Джо Байденді жеңісімен құттықтай бастады.
Алғашқылардан болып, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо хабарлама жіберіп, «Джо Байден мен Камала Харресті құттықтаймыз. Біздің елдеріміз жақын достар, серіктестер және одақтастар. Біздің қарым-қатынасымыз бүкіл әлемде ерекше. Мен бірлесіп жұмыс істеуге және осы қарым-қатынасты дамытуға үміттімін», - деген ол Twitter-де.
Франция президенті Эммануэль Макрон да Twitter-де құттықтауын айтып, «Американдықтар өз президенттерін сайлады. Джо Байден мен Камала Харресті құттықтаймыз. Біздің алдымызда бүгінгі қиындықтарды жеңу үшін көп жұмыс тұр. Келіңіз бірге жұмыс істейік! », - деп жазған ол.
Ал, Орталық Азия елдері арасынан бірінші болып Байденнің жеңісіне байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастыққа үміт білдіріп, «Мен Джо Байден мырзаны Америка Құрама Штаттарының Президенті болып сайлануымен шын жүректен құттықтаймын», - деп жазған өз Twitter парақшасында.
Бұдан бөлек ілемнің бірнеше елінің саясаткерлері мен мемлекет басшылары құттықтау жіберген.
Джо Байден қазіргі кезде белгілі болған сайлау нәтижесіне орай твиттерінде өз статусын «АҚШ президенті» деп ауыстырған. Ал АҚШ-тың 45-ші президенті болған Дональд Трамп егер президенттік сайлауға қатысты сот тергеуі жеңіске жету мүмкіндігі жоқ екендігі туралы нақты ақпарат берсе, президенттік сайлауда жеңілгенін мойындауға келісім берген.