Джо Байден тікелей эфирде коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салғызды
АҚШ-тың жаңадан сайланған 78 жастағы президенті Джо Байден коронавирусқа қарсы вакцина алды.
CNN телеарнасының эфирінде шыққан сюжетте, демократтар жолбасары Pfizer вакцинасының алғашқы дозасын тікелей эфирде өзінің туған жері Делавэрде қабылдады.
<iframe width="695" height="337" src="https://www.youtube.com/embed/AArEGEyzuJQ" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>
«Мен мұны вакцина әзір болған кезде адамдар салғызуға дайын болуы үшін жария түрде көрсетіп жатырмын. Уайымдайтын себеп жоқ. Мен екінші екпені асыға күтемінә, - деген ол.
Осылайша АҚШ вакцинаның тиімді екендігіне адамдарды сендіру үшін насихаттауды жалғастыруда. Бұған дейін АҚШ-тағы ірі саясаткерлері де вакцинаны қабылдаған болатын. Атап айтқанда, вице-президент Майк Пенс, Конгресс жетекшілері Нэнси Пелоси және Митч МакКоннелл де салтанатты түрде вакцинаның алғашқы дозасын салғызған. Алдағы кезде Джо Байден мен оның әйелі вакцинаның екінші дозасын үш аптадан кейін алады.