Вашингтонда АҚШ-тың 46-президенті ретінде Джо Байден ресми түрде ант берді. Онымен бірге Камала Харрис ел тарихындағы алғашқы әйел вице-президент ретінде қызметіне кірісті.
АҚШ президенттері тарихында жасы ең үлкені ретінде билікке келген Джо Байден президент ретіндегі алғашқы мәлімдесесінде: «Бүгін Америка күні, бұл демократия күні. Тарих пен жаңаруға деген үміт күні. Бүгін біз үміткердің емес, мақсатымыздың жеңісін тойлаудамыз. Мақсаттар - демократия. Халықтың еркі тыңдалды. Біз демократияның қаншалықты нәзік әрі қымбат екенін тағы бір мәрте түсіндік. Бүгін, достарым, демократия жеңіске жетті», - деген Байден.
Байден өз сөзі кезінде АҚШ халқы ақтардың үстемдігіне қарсы тұруы керектігін айтқан. Айтылуынша, дәл осы сөзді инаугурация кезінде айтқан тарихта Байден алғашқы президент болған.

Байден мәлімдемесін 21 минут жалғастырды. Салыстыра кетсек Дональд Трамптың 2017 жылғы сөзі 17 минутқа созылса, Обаманың 2009 және 2013 жылдардағы алғашқы сөйлеген сөзі 19 минутқа созылған.