Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Джо Байден полиция қолынан қаза тапқан афроамерикалықтың отбасымен кездеспек
22:28 / 2020-06-07

25 мамыр күні АҚШ-тың Миннеаполис штатында афроамерикалық Джордж Фройдтың полиция қызметкерінің оқыс әрекетінен көз жұмған


АҚШ президенттігіне үміткер Джо Байден полиция қызметкері қолғалу кезде қайтыс болған Джордж Флойдтың отбасымен кездесу өткізуге дайн екенін мәлімдеген.

New York Times газеті Байденнің жеке көмекшілеріне сілтеме жасай отырып таратқан хабарламаснда, Байден 8 маусым дүйсенбі күні Джордж Флойдтың отбасымен кездесуге Хьюстонға аттанбақ. Ал марқұмды еске алу рәсіміне ондағы аза тұтушыларға кедергі жасамау үшін қатыса алмауы мүмкін, бірақ ол бейне хабарлама жіберіп оның жеке отбасына көңіл айту ниетінде, деген.

Еске сала кетсек 25 мамырда АҚШ-тың Миннеаполис штатында афроамерикалық Джордж Фройдтың полиция қызметкерінің әрекетінен көз жұмуы Құрама Штаттардың ондаған ірі қалаларында жаппай тәртіпсіздіктерге себеп болды. Наразылыққа шыққан жанкешті халық қаладағы түрлі әлеуметтік нысандар мен дүкен, кафе, ресторандар және көшедегі кездескен көліктерді өртеп қара нәсілді азаматтың өліміне себепші болған полиция қызметкері әділ жазалануы керек деген ұранмен жанжал көтерген. Бұл оқиғадан кейін 4 полиция қызметкері жұмыстан босатылып, оның біреуіне кісі өлтірді деген айып тағылған. Құрама Штаттардағы жаппай тәртіпсіздіктің салдарынан 11 кісі қаза болған.