Джо Байден мен Камала Харрис «Жыл адамы» деп жарияланды
«Time» журналы 2020 жылда ең ықпалды жандар ретінде АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден мен болашақ вице-президент Камала Харристі «Жыл адамы» деп жариялады.
«Американдық тарихты өзгерткені және жанашырлық күші бөлектенудің қаһарынан мықты екенін көрсете алғаны үшін, қайғылы әлемде емделу туралы ой бөліскені үшін Джо Байден мен Камала Харрис Time-2020 «Жыл адамы» атанды, - деп жазды Time редакторы Эдвард Фельсенталь.

«Time» журналы 1927 жылдан бастап жылдың ең ықпалды адамын жариялап келеді.