Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Джо Байден мен Дональд Трамп кездесті
10:23 / 2024-11-14

АҚШ президенті Джо Байден президенттік сайлауда жеңіске жеткен Дональд Трамппен кездесті.

Deutsche Welle басылымының мәліметінше, Байден өкілеттілікті бейбіт түрде тапсыратынын уәде еткен.
Вашингтондағы Ақ үйде өткен кездесуде, 81 жастағы демократ пен 78 жастағы республикашыл саясаткер Овал кабинеттегі алау жанып тұрған каминнің алдында қол алысты. 

«Саясат — ауыр сала және көбіне жағымды әлем емес. Бірақ бүгінгі күн — ерекше күн, мен мұны өте қадірлеймін», — деді Трамп кездесуден кейін журналистерге.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьердің айтуынша, саясаткерлер арасындағы әңгіме шамамен екі сағатқа созылған. «Олар ел мен әлем алдында тұрған маңызды ұлттық қауіпсіздік пен ішкі саясат мәселелерін талқылады», — деді ол баспасөзге.