Джо Байден АҚШ-тағы президенттік сайлауда дауыс берді
Байден Уилмингтондағы сайлау учаскесіне әйелі Джиллмен бірге келіп дауыс берген
АҚШ-тағы президенттік сайлауға Демократиялық партия атынан үміткер ретінде қатысып жатқан Джо Байден Делавэр штатында дауыс берді.
Байден Уилмингтондағы сайлау учаскесіне әйелі Джиллмен бірге келді және екеуі де маскада болған.
Сайлау учаскесінен шыққан кезде Байденді жақтастары мен журналистер қарсы алған, соан кейін ол дауыс бергенін растаған.
Еске салар болсақ, Байденнің алдағы сайлаудағы қарсыласы, қазіргі республикашыл президент Дональд Трамп өткен сенбіде Флоридада дауыс берген болатын.
АҚШ-тағы президент сайлауы сейсенбі, 3 қарашада өтеді. Қазірдің өзінде 74 миллионнан астам американдықтар өз дауыстарын беріп үлгерді.