Голливуд тарихындағы комедия жанрында ең табысты нәтижелерген қол жеткізген актердың бірі Джим Керри актерлік мансабын аяқтады.
«Мен зейнеткерлікке шығамын. Бұл жағдайға шынайы кіріскем. Егер шынымен періштелер маған алтын сиямен жазылған сценарийді әкелсе және оны адамдар көруі өте маңызды болса ғана мен кинодағы мансабымды жалғастыра аламын, бірақ қазір мен үзіліс жасағым келеді. Мен тыныш өмірді жақсы көремін, сурет салу мен ішкі тыныштықты ұнатамын және мен бір нәрсені ұқтым – бұл басқа атақты жандардан ешқашан естімейтін сөз – маған осы жеткілікті. Мен жетерліше жұмыс істедім», деген ол Access Hollywood-қа берген сұхбатында.
Джим Керри - тарихтағы ең табысты комик актерлардың бірі. Кино әлеміне 80-ші жылдары келген ол актер ретінде әртүрлі рөлдерді сомдаған. Ол «В ярких краска» телехикаясының арқасында танылған. Көп ұзамай ол түскен «Ace Ventura: Pet Detective» фильмі кассалы болды. Десе-де, актерды әлемдік кинокөрерменге танымал еткен «Маска» картинасындағы рөлі.
Актерлік мансабында 60-тан астам киноға түскен ол 4 рет «Алтын глобус» және 10 мәрте MTV Movie Awards марапатына ие болған.