Танымал америкалық блогер және кәсіпқой боксшы Джейк Пол мен UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізуі мүмкін.
BJPenn порталының мәліметінше, Джейк Пол ирландиялыққа қарсы рингте қолғап түйістіргісі келетінін айтқан.
«Мен Конор Макгрегормен жекпе-жек өткізгім келеді. Бұл шайқас Ирландияда бокс рингінде өтсе екен деймін. Шынымды айтсам, бокс әлеміндегі жолымды бастауымның бір себебі де осында. Мен Макгрегормен жекпе-жек ұйымдастырып, оны жеңемін деп шештім. Бұл мені бокс мансабын бастауға итермелеп келеді», - деген блогер BJPenn-ге берген сұхбатында.
Макгрегор соңғы рет 2021 жылы шілдеде UFC 264 турнирі аясында америкалық Дастин Порьеге қарсы октагонға шығып, бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңілген еді.
Джейк Пол 2021 жылдың желтоқсанында бокс ережесі бойынша рингте UFC-дің бұрынғы чемпионы американдық Тайрон Вудлиді алтыншы раундта нокаутпен жеңіп, өзінің жеңіліссіз бокстағы рекордын 5-0-ге жеткізген болатын.