Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Джеки Чанның жаңа киносында Димаш Құдайберген саундтрек орындады
16:28 / 2020-01-16

Кино таныстырылымында Димаш Құдайберген Джеки Чанның репертуанындағы әннің бірін орындады


Қазақстанның әлемге танымал әншісі Димаш Құдайберген әлемдік кино майталманы Джеки Чанның соңғы туындысы «Авангард» фильмінде саундтректі орындады.

Бұл жаңалықты әнші өз инстаграм парақшасында хабарлап, «Достар, сіздермен жақсы жаңалықты бөліскім келеді. Джеки Чан «Авангард» атты жаңа фильмін шығарды. Кинотеатрға барып, Джеки Чанның фильмін көріңіз және менің әнімді тыңдаңыз»-деп фильмнің тұсаукесерінен сурет салған.

Жаңа туындының таныстырылымында Димаш Құдайберген Джеки Чанның репертуанындағы әннің бірін орындаған.