Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Джек Ма үш ай дегенде алғаш рет халық алдында көрініс берді
15:02 / 2021-01-20

Қытайдың «Alibaba Group» компаниясының негізін қалаушы Джек Ма үш ай дегенде алғаш рет халық алдында көрініс берді.

«Global Times» басылымының мәліметінше, Джек Ма 20 қаңтарда Қытайдағы ауыл мұғалімдерін қолдауға арналған онлайн-шарада видеобайланыс арқылы қатысқан. Бұл ақпаратты «Ant Group» (Alipay сервисіне иелік ететін Alibaba филиалы) өкілдері растады.

«Мен және менің әріптестерім оқыдық, ойладық, біз өзімізді білім беру саласындағы қайырымдылыққа арнауға бел будық», - деген Ма мұғалімдермен өткен шарада.

Атаулы шара, жыл сайын өтетін болып онда кәсіпкердің қорынан мұғалімдерге арналған білім берудегі үздіктерге арнайы сыйақы тағайындалған. Бірақ биылғы пандемияға байланысты бұл шара онлайн форматта өткен.