Душанбеде Өзбекстан мен Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті
Душанбе қаласында Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов пен тәжікстандық әріптесі Кохир Расулзоданың төрағалығымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Делегация басшылары кейінгі жылдары тауар айналымының көлемі артып, 2023 жылы 757 миллион долларға жеткенін атап өтті. Екі ел өнеркәсіптік кооперация, энергетика, ауыл және су шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы бірлескен жобалар бойынша жұмысты жандандыру арқылы таяу жылдары тауар айналымын 1 миллиард долларға жеткізу ниеті бар екенін мәлімдеді.
Өзбекстан мен Тәжікстан халықаралық шекаралық сауда аймағын құруға, шекаралас аймақтарда ауыл шаруашылығы өнімдерін басқа елдерге экспорттауға арналған көтерме дистрибьюторлық орталықтар құруға ерекше көңіл бөлуде.