Душанбеде Өзбекстан мен Тәжікстан Премьер-министрлері кездесті
Үкімет басшылары әуелі шағын құрамда кездесу өткізді
2020 жылы 29 қыркүйек күні Душанбе қаласында Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен кездесті.
Үкімет басшылары әуелі шағын құрамда кездесу өткізді.
Кездесуде Абдулла Арипов тәжікстандық әріптесіне шынайы және жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, бұл кездесу ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылауға жақсы мүмкіндік болғанын айтты.
Өз кезегінде Тәжікстан Премьер-министрі екі ел арасында қысқа мерзімді мықты ынтымақтастық орнатылғанын және бұл сапар өзара тиімді және белсенді диалогтың тұрақты түрде нығайтылуының заңды жалғасы екенін жеткізді.
Шағын құрамда кездесу келіссөздері аяқталып, екі ел үкіметтері өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасын тапты. Онда Мемлекет басшыларының саяси ерік-жігері мен көреген саясатының арқасында екі ел тарихында жаңа бастау ашылып, Өзбекстан мен Тәжікстан қатынасы қайта қалпына келтірілгені, қысқа мерзімде берік ынтымақтастық орнағаны мен санқырлы қатынастар жаңа деңгейге көтеріліп, халықтарымыз арасындағы достық одан әрі нығая түскені сөз болды.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысында 2019 жылғы сәуірде Термезде үкімет басшыларының төрағалығымен өткен үкіметаралық комиссияның 6-шы отырысында қол жеткізілген келісімдердің орындалуы қаралып, соның негізінде екіжақты сауда көлемі өскені және соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 2,4 еседен асқаны мәлім болды. Пандемияға қарамастан, екіжақты тауар айналымы жылдық көрсеткіштен 4,3 пайызға өсіп, 317 миллион долларды құрады.
Кездесуде сонымен қатар көлік-коммуникациялық, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салалар мен ауыл және су шаруашылығы бойынша ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланып, жиын қорытындысы бойынша Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 7-ші отырысының хаттамасына қол қойылды.
