Душанбеде ШЫҰ-ға мүше елдер қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті
28 шілдеде Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер қорғаныс министрлерінің кезекті отырысы өтті.
Оған Үндістан, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Беларусь елінің қорғаныс ведомстволары басшылары қатысты.
Қорғаныс министрлігінің ақпарат және бұқаралық коммуникация департаментінің хабарлауынша, кездесудің күн тәртібіне сәйкес қорғаныс министрлері ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға, аймақтағы және әлемдегі ағымдағы жағдайға, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді талқылады.