Дубайда күрес федерациясы құрылады
17-20 маусым аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында Батыс Азия елдері күрес федерацияларының сарапшылары мен күрес спортына қызығушылық танытқандар үшін халықаралық арбитраждық семинар өтеді.
Халықаралық күрес федерациясының хабарлауынша, атаулы семинар аясында Дубай күрес федерациясының ашылу салтанаты өтеді.
Семинарға қатысуға Ирак, Иордания, Кувейт, Ливан, Палестина, Қатар, Сауд Арабиясы, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктері және Йемен елдерінің сарапшылары қызығушылық танытып, алғашқы өтінімдерін тапсырған.
Осы басқосу барысында, Қатар патшалығы және аймақтың бірқатар елдерінде күрес федерацияларын құру бойынша келіссөздер өтеді деп күтілуде.