Дубай әуежайы жаңа рекорд орнатты
Дүние жүзіндегі ең ірі көлік торабының бірі саналатын Дубай халықаралық әуежайы жаңа рекорд орнатты.
Дубай халықаралық әуежайы 2024 жылдың алғашқы алты айында 44,9 миллион жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға көп.
Биылғы жылдың алты айында Дубай әуежайлары ең көп жолаушыны Үндістаннан қабылдаған – 6,1 миллион адам. Сауд Арабиясы (3,7 миллион), Ұлыбритания (2,9 миллион), Пәкістан (2,3 миллион), АҚШ (1,7 миллион), Ресей (1,3 миллион) және Германия (1,3 миллион).
Компанияның баспасөзге берген ақпараты бойынша, Дубай осы уақыт аралығында жалпы 216 мың рейс қабылдаған. Әуежай қызметінің ең көп пайдаланылған айы – қаңтар (7,9 млн жолаушы).