French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Дубай туристер үшін жаңа шектеулер енгізді
22:30 / 2021-02-02

Дубай туристер үшін жаңа шектеулер енгізліп, барлар мен пабтар ақпанның аяғына дейін жабылады.

«Khaleej Times» ақпаратында, эпидемиялық жағдайдың нашарлауына және көптеген заң бұзушылықтарға байланысты Дубайда барлар мен пабтар кем дегенде 28 ақпанға дейін жабық болады. Ал мейрамханалар мен кафелер түнгі сағат бірде жабылады және мұнда көңіл көтеруге қатысты шаралар өткізу шектелетіні айтылған.

Осы шектеулерге қатысты мейрамханада бір столға жеті адам, кафеде төрт адамнан артық отыруға болмайды. Үстелдер бір-бірінен үш метр қашықтықта орналасқан болуы керек. 

ABC News-тің хабарлауынша, БАӘ-де Жаңа жылдан кейін әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер Дубайда мереке өткізген соң коронавирустық инфекция жұғу көрсеткіші күрт өскен.

АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегінше БАӘ-де індет расталғандар саны 309,6 мыңнан асқан және 866 жан көз жұмған.