Дубай портында қуатты жарылыс болды
Дубайдағы Джабал-Али портының аумағында күшті жарылыс болды.
Al Arabiya телеарнасының хабарлауынша, жарылыс мұнай цистернасында болған.
Б лік өкілдерінің пікірінше, Джабал Али портындағы күшті жарылыс кеменің бортында болған өрттің салдарынан келіп шыққан.
«Борттағы контейнерлердің бірінде жанғыш материалдар болған», - деп келтіреді телеарна үкімет өкілінің сөзін.
Өрт шыққан кеме экипажының уақытылы эвакуациялауға үлгерген. Өрт сөндірушілер жағдайды тез арада бақылауға алуы нәтижесінде, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.