Дубай полициясы коронавирусты анықтауда «ақылды» бас киім қолдана бастады
Ол минутына жүздеген адамдардың дене қызуын анықтай алады
Біріккен Араб Әмірліктерінің полициясы минутына жүздеген адамның температурасын бақылауға мүмкіндік беретін ақылды бас киіммен қамтылып, оның негізінде көшедегі коронавирусты ықтимал науқастарды анықтауды көздеген.
Қытайдың «KC Wearable» компаниясы шығарған бұл полиция шлемі әдеттегі термометрге қарағанда дене температурасын өлшеу үшін аз уақытты және адаммен байланысты қажет етеді. Қазірге дейін бұл түрдегі бас киімнің мыңнан астамы сатылған. Мұның басты ерекшелігі полиция қызметкері адамдардан бес метр қашықтықта тұрған күйі оның жағдайын анықтай алады. Егерде біреудің дене қызуы жоғары болса, арнайы дабыл автоматты түрде іске қослады.
Қазіргі уақытта Дубай полициясы ақылды бас киімдерді халық көп шоғырланар аудандар мен жабық аймақтарды тексеруде пайдалануда. Өнертапқыштардың айтуынша бұл түрдегі бас киімге негізгі тапсырыстар Таяу Шығыс елдерінен, сонымен қатар Еуропа мен Азиядан түседі екен.