Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Дубай Экспо 2020» көрмесі бір жылға кейінге қалдырылды
22:59 / 2020-05-04

4,38 шаршы км аумаққа салынған «Дубай Экспо 2020» көрмесіне жер бетіндегі 197 елден 20 миллион адам келуі күтілген


2020 жыл күз мезгілінің екінші айында ашылып 2021 жылдың сәуіріне дейін жалғасуы жоспарланған Дубай Экспо-2020 көрмесі, коронавирусқа байланысты тура бір жылға кейінге шегерілді.

Таяу Шығыс пен Африка аймағындағы алғашқы экспо көрмесін көшіру жөнінде алғашқы өтінім 30 март күні жолданған болып, ол жөніндегі алғашқы отырыс ұйымдастырушылар мен көрмеге қатысушы ел өкілдері арасында талқыланған еді. Алайда соңғы шешімді Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясы қабылдайтын болғандықтан мәселе дауысқа қойылған. Оның аяқталу мерзімі 29 мамырға дейін болса да, көрменің кейінге қалдыруға жеткілікті дауыс жиналғандығының есебінен ресми түрде «Дубай Экспо 2020» көрмесі 2021 жылға қалдырылған. Дегенмен БАӘ тарихында ең ірі экспо кейінге көшірілсе де ресми аталуын сақтап қалды.

4,38 шаршы км аумаққа салынған «Дубай Экспо 2020» көрмесіне жер бетіндегі 197 елден 20 миллион адам келуі күтілген. Коронавирусқа байланысты көрменің ең биік ғимараты «Dubai Creek Harbour» атты нысанның құрысылы өткен айда тоқтатылған еді.