ДСМ: Өзбекстанға әкелінген вакцина қоры 31 млн дозадан асты
Өзбекстанға әкелінген коронавирусқа қарсы вакцина қоры 31 283 538 дозаға жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 20 қазанға қараған кеште Өзбекстанға «Синовак» вакцинасының 864 мың дозасы әкелінді.
Осылайша республикадағы вакцинациялау науқаны барысында қолданылатын жалпы вакцина қоры 31 283 538 дозаға жетіп, қазіргі күнге дейін елде 24 300 975 дозасы қолданылған.
Олардан:
- 720 500 доза - Спутник V,
- 1 594 480 доза - AstraZeneca,
- 23 177 998 доза - ZF-UZ-VAC2001,
- 3 000 060 доза - Moderna,
- 1 726 500 доза - Pfizer/BioNTech,
- 1 064 000 дозасы - Синовак вакцинасы.