Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ДСМ: Өзбекстанда қатерлі ісік ауруын 99 пайызға дейін емдейтін дәрі жасалды деген хабар жалған
17:29 / 2023-03-26

Өзбекстанда қатерлі ісік ауруын 99 пайызға дейін емдейтін дәрі жасалды деген хабар ақиқатқа сай келмейді.

Бұл туралы ӨР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Интернетте «Өзбек ғалымдары қатерлі ісік ауруын 99 пайызға дейін емдеуге мүмкіндік беретін жаңа дәрі ойлап тапты» деген тақырыпта мақала жарияланып, онда 2022 жылдың маусымында Өзбекстанда тіркеліп, өндіріске енгізілген жаңа радиофармацевтикалық векторлық терапия құралы туралы айтылады. 

Препараттың құрамы «лютеций-177» радиоизотопынан және оған бекітілген простата спецификалық мембранасының «антиген-617» ақуыздық затынан тұрады делінген.

ДСМ мәліметінше, бұл препарат АҚШ, Еуропа және Азия елдерінде тек қуық асты безі мен нейроэндокриндік ісіктерді диагностикалау мен емдеуде радиофармацевтикалық дәрі ретінде қолданылады.

«Шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, бұл құралды тек қуық асты безі обырының 4-ші сатысында сүйек метастаздары кезінде ғана қолданылады деп айтуға болады», - дейді Республикалық мамандандырылған онкология және радиология ғылыми-практикалық медицина орталығының бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Даниёр Нишонов..

Оның айтуынша, бұл дәрі уақытша ем болып, науқастардың өмірін ұзартуға мүмкіндік береді.

ДСМ дерегінше, бұл препарат Өзбекстанның бір медициналық мекемесінде 3 науқаста ғана қолданылған, ал мамандардың айтуынша, ісік ошақтары (метастаздар) мен науқастардың ауыруы айтарлықтай төмендеген.

Сонымен қатар, кез келген жаңа препараттың тиімділігі расталмай тұрып, оның тиімділігі туралы әртүрлі зерттеулер, сараптама жүргізіліп, тиісті қорытындылар жасалуы үшін көп уақыт қажет.

Қазіргі уақытта әлемде барлық қатерлі ісіктерді толық емдейтін әмбебап дәрі жоқ, екендігі айтылған ведомство хабарында.